Америкалық OPI тест жүйесін жүзеге асырудың қолданбалы мүмкіндіктерін бағалау және олардың қазақ тілін тестілеудің айтылым субтесті үшін тиімді тұстарын анықтау

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-250-259
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада америкалық OPI тест жүйесі талданып, оны қазақ тілін тестілеудің айтылым бөлігінде қолданудың жаңа мүмкіндіктері қазақ тілінің болашағы, даму сипаты тұрғысынан баяндалды. Мақала қазақ тілін тестілеудің формасын жаңарту, айтылым бөлігіне ерекше мән беру тілдің таралу аясының кеңеюіне мүмкіндік беретінін дәлелдеу мақсатын көздейді. Айтылым тестінің тапсырмаларын құрастыру кезінде тест әзірлеушілерге теориялық негіз бола алады. Мақалада ғылыми материалды жинақтау, салғастыру, талдау әдістері қолданылды. Қазақ тілінің иесі әрі лингвист ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, еліміздегі күнделікті қолданыстағы бірінші тілге айналуына мүдделіміз. Оның алғышарттарына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, әлемнің озық үлгілерін талдау әрі ұсыну – міндетіміз. Осы тұрғыдан келгенде OPI тест жүйесінің қазақ тілі бойынша тестілеудің айтылым бөлігіне тоғыстырылуының маңызды әрі қажетті қадам екенін мақалада негіздеуге тырыстық. Өйткені айтылым субтесті тұлғаның коммуникативтік құзіретін дамытып, тіліндегі лингвистикалық индикаторларды айқын көрсететін тапсырма түрі екенін есепке алып, тестілеудің формасына, мазмұны мен құрылымына ерекше мән беруіміз қажет. Әлемдік беделге ие тестілеу жүйесінің қазақ тілінің тестілеуіне байланыстырылуы мемлекеттік тілдің беделін арттыруға да септігін тигізеді.