Аннотация
Қазіргі таңда инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие. Зерттеу мақаласы инклюзивті білім беру, оны жүзеге асыруда педагогтердің білімі, дайындығы мен рөлі, осы мәселе аясындағы халықаралық және Қазақстандық тәжірибені саралайды. Зерттеу мақаласының мақсаты инклюзивті білім берудің қазіргі жай-күйін анықтап, педагогтердің дайындығын әлемде бар тәжірибелерді салыстыра отырып талқылау. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ұсыну үшін инклюзия тақырыбындағы зерттеулерді зерделеп, жалпы орта мектептер мен педагогикалық университет студенттері арасында екі блоктан тұратын арнайы сауалнама жүргізіп, инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың теориясы мен практикасы, инклюзивті білім беруге көзқарасы мен қатысуы, педагогтердің білімі мен кәсіби құзіреттіліктерін диагностикалау мақсатында импирикалық талдау, когнитивтік талдау тәсілдері қолданылды. Сауалнама нәтижесі бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби даярлығын қалыптастыруға ұсыныстар берілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға денсаулығында кінәраты жоқ балалармен бірдей білім беру мәселесі қазіргі таңдағы білім саласындағы өзекті тақырыптардың бірі болғанымен, оны дамыту саласында түрлі шаралар атқарылып жатқанменде әлі күнге дейін терең зерттеулерді қажет етеді, өйткені мұндай балалар саны өсуде. Зерттеу қорытындысы ретінде халықаралық тәжірибені басшылыққа ала отырып түрлі механизмдерді құру керектігі, педагогтердің теориялық білімінен көрі практикалық білімін дамыту қажеттігі ұсынылады.