Инженерлік-графикалық пәндерді оқытуды жүйелілік тұғыр негізінде жетілдірудің теориялық негіздері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2220-685x-2025-76-1-50-63
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Заманауи инженерлік білім студенттердің кеңістіктік ойлауын, жобалау дағдыларын және цифрлық технологиялармен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуын талап етеді. Дегенмен, инженерлік-графикалық пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістері материалды меңгерудің жоғары деңгейін үнемі қамтамасыз етпейді. Бұл мақалада оқытуға жүйелілік тұғырдың артықшылықтары және оның инженерлік-графикалық пәндерді меңгеру тиімділігіне әсері қарастырылады. Зерттеу барысында оқытудың дәстүрлі, интерактивті және жүйелілілік әдістетемелеріне салыстырмалы талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық эксперимент жүргізілді. Алынған нәтижелер жүйелілік тұғырдың теориялық материалды берік меңгеруге ғана емес, сонымен қатар инженерлік қызметке қажетті практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ететіндігін көрсетті. Талдау негізінде білім беру үрдісіне жүйелілік тұғырды енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Бұл әдістемені іске асыру студенттерді даярлау сапасын арттыруға, олардың кәсіби құзіреттілігін жақсартуға және оқу үрдісін инженерлік білім берудің заманауи талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. Оқытудың дәстүрлі және цифрлық әдістерін интеграциялау, автоматтандырылған жобалау жүйелерін (АЖЖ) пайдалану және және пәнаралық өзара әрекеттестік мәселелері қосымша қарастырылады. Студенттердің оқу үрдісіне қатысуын бағалауға, сондай-ақ оқытудың белсенді әдістерінің мотивация мен оқу үлгеріміне әсеріне басты назар аударылады. Жүйелілік тұғырды қолдану пәнді кешенді меңгеруді қамтамасыз етеді, студенттердің аналитикалық қабілеттерін арттырады және олардың кәсіби қызметке бейімделуіне ықпал етеді.