Техникалық эстетикадағы беткі қабаттың концепциясы және оның қасиеттері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2220-685x-2025-76-1-79-88
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада техникалық эстетикадағы беткі қабат түсінігі және оның әрлеу мен қаптау материалдарының құрылымындағы рөлі талқыланады. Беткі қабаттың функционалдық, эстетикалық және символдық қасиеттері оның санаттарының негізінде анықталады. Материалдардың беткі қабаттары арқылы олардың құрылымдық сипаттамалары мен көрнекі әсері анықталады, бұл дизайн мен сәулетте маңызды орын алады. Мақалада беткі қабаттың геометриялық классификациясы, оның пішінмен байланысы, сондай- ақ, беткі қабаттың фактурасының маңыздылығы қарастырылады. Беткі қабаттың функционалдық және эстетикалық қасиеттері арасында тығыз байланыс орнатылып, олар материалдың техникалық сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар адамның психофизиологиялық қабылдауын да ескереді. Мақалада жақын уақытта жаңа сапалы деңгейге көшкен материалдардың техникалық жобалауымен байланысты әртүрлі өндірістерде әрлеу және қаптау материалдарын қолдану технологиясы қарастырылады. Құрылыс индустриясында материалдардың беткі қабатын жобалау технологиясын енгізу және дамыту жеке дизайнерлік жобаларды іске асыру үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады. Соңғы жылдары әрлеу және қаптау материалдарын өндіруде жаңа нарық пайда болды, фактурасымен, текстурасымен және түсімен ерекшеленетін беткі қабатын әрлеу жүйелерінде жаңа өзгерістер пайда болды. Бұл зерттеу техникалық эстетикадағы беткі қабаттың концептуалды маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.