Қазақстан Республикасы Конституциясында әлеуметтік мемлекет орнықтырудың нормалары және олардың жүзеге асыру жолдары

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6844-2025-150-1-11-26
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу Қазақстан Республикасының Конституциясы мен әлеуметтік саланы реттейтін заңнама ережелерін, әлеуметтік мемлекеттің модельдерін, мәселенің өзектілігін растайтын әлеуметтік мемлекетті түсінудің бірнеше тәсілдеріне талдау негізінде жүргізді. Мақаланың басты мақсаты Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет орнықтырудың ерекшеліктерін, құқықтық мәнін теориялық тұрғыдан зерттеп, ұлттық заңнама мен тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстар келтіру болып табылады. Мақалада конституциялық құқыққа ғылыми көзқарастардың заманауи дамуы көрсетілген. Бұл сондай-ақ әлеуметтік ұлттық заңнамалардың конституциялық құқық арасындағы өзара іс-қимыл нәтижесінде ұлттық қоғамдар ішінде де, одан тыс жерлерде де конституциялық қалыптасудың жаңа модельдерінің пайда болуымен байланыстылығын ашып көрсетеді. Белгілі бір елдің Конституциясындағы әлеуметтік мемлекет қағидатының көрінісі осындай мемлекеттің мақсаттары мен міндеттерін анықтауда ғана емес, оған тиісті өкілеттіктер мен құзыреттер беруде де көрінеді. Мақаланың негізгі бөлігінде әлеуметтік мемлекет ұғымы, ерекшеліктері мен құқықтық мәні әмбебап және салыстырмалы құқықтық талдаудың ғылыми әдістерін қолдану арқылы қарастырады, заң әдебиеттеріндегі теориялық тұжырымдарға талдау жасайды. Мақаланың қортындысында авторлар әлеуметтік мемлекеттің өзіне тән негізгі белгілер мен ерекшеліктерді анықтап, өздерінің әлеуметтік мемлекет орнықтырудың құқықтық мәнін және оны жүзеге асыру туралы ұсыныстарын береді.