Дəрілік мия түрлері тұқымдарының өнгіштігіне гетероауксиннің əсері

2017

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2017bmg2/56-61
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мия (Glycyrrhisa L.) — бұршақтар (Fabaceae Lindl.) тұқымдасына жататын ертеден белгілі дəрілік өсімдіктердің бірі. Шикізаты ірі көлемде медицина өндірісіне жəне экспортқа дайындалатын бағалыдəрілік-техникалық өсімдік мия (Glycyrrhisa L.) туысының түрлері: қызыл мия (Glycyrrhisa glabra L.) жəне орал миясы (Glycyrrhisa uralensis Fisch.). Бұл түрлердің дəрілік құндылығы тамырындағы биологиялық белсенді заттарға байланысты: глицирризин қышқылы, флавоноидтар, глюкоза, сахароза, крахмал. Табиғи алқаптардағы мия дайындау жұмыстарына байланысты еліміз алқаптарында мия қоры жылдан жылға азаюда. Табиғатта мия көп жағдайда тек вегетативтік тəсілмен ғана көбейеді, тұқымынан өніп-өсуі өте сирек кездеседі. Табиғаттағы жиі кездесетін қалыптасқан, орнықты қауымдастықтағы мия вегетативтік əдіспен ғана өсіп-өніп көбейеді. Тұқымынан көбею бұл жерлерде мүлдем болмайды. Сондықтанда деградацияға ұшыраған мияалқаптарын қалпына келтіру, түрлердің жойылуының сақтану үшін мияны тұқымынан өсіріп көбейту қажет, сол себепті мия түрлері тұқымдарының өнгіштігін арттыру мақсатында, жалаң жəне орал миясы тұқымдарының өнгіштігі анықталды. Бұл түрлердің тұқымдары2015 жылы Оңтүстік Балқаш Іле өзенінің жағалауынан жиналған, тұқым өнгіштігін анықтауда биореттегіш гетероауксиннің əр түрлі концентрациясымен өңделіп жəне бақылау варианттарымен қатар өсірілді. Əр варианттар бойынша тұқым өнгіштігі салыстырылып талдау жасалды. Алынған нəтижеге негізделе отырып, гетероауксиннің тұқым өнгіштігіне оң əсер еткен оңтайлы концентрациясына баға берілді.