RESEARCH OF QUALITY INDICATORS IN THE MANUFACTURING OF A SET OF SPECIAL CLOTHING FOR AN AUTO ELECTRIC OF A CAR REPAIR CENTER

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/ktkc9557
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Автомобиль электриктері автомобильдердің электр жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі негізгі функцияларды атқарушы болып табылады. Автоэлектриктердің жұмысы ерекше қауіптерді қамтитындықтан, олардың киімдерінің қорғау деңгейі жоғары, берік және ыңғайлы болуы аса маңызды. Мақалада арнайы автоэлектрик қызметкерлеріне арналған киім жиынтығына қолданылатын материал пакетінің физикалық-механикалық көрсеткіштері зерттеледі. Зерттеу барысында арнайы киім жиынтығының аралас фактуралы материал пакетінің су өткізбеу қасиетін, ауа өткізгіштік көрсеткіштері және мата бояуының тұрақтылығы талданды. Автоэлектриктер жиі электр тоғымен жұмыс істейтіндіктен, олардың киімі антистатикалық, электр өткізбейтін және су өткізбейтін болуы керек, ауа өткізгіштігі мен бояуының тұрақтылығы жоғары көрсеткіштерге жауап беруі керек. Эргономикалық талаптарды қанағаттандыру үшін, қолданылатын аралас фактуралы материалдар пакетінің құрылымдық ерекшеліктері маңызды рөл атқарады және қызмет көрсетудегі қауіпсіздік талаптарына сәйкестігімен бағаланады. Арнайы автоэлектриктердің күнделікті жұмысы киім жиынтығының сапасын арттыру, эргономикалық және еңбек қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, ұзақ мерзімділік пен жайлылықты үйлестіру мақсатында аралас фактуралы материал пакетінің сынақтық үлгілеріне зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, жоғарғы көрсеткіштегі екінші сынақтық үлгідегі аралас фактуралы материал пакетінен автоэлектрик арнайы киім жиынтығы дайындалды.