ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2023.53.3.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ХХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басы Таяу Шығыс мемлекеттерінде күрделі де қайшылықтарға толы геосаяси өзгерістерді тудырған кезең. Ішкі және сыртқы факторлардың ықпалынан қалыптасып отырған Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси жағдай, әлемдік саясатқа ықпал ететін және болашақтағы әлемдік саяси үрдістердің бағыттарын айқындайтын іргелі мәселелердің қатарына кіреді. Ірі халықаралық акторлардың геосаяси мүдделері мен өзара бәсекелестігі, Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз, Парсы Шығанағы бойындағы жаһандық жол тораптарын бақылауға алуға деген ұмтылысы – аймақтың әскери-саяси жағдайын айқындаушы факторға айналып келеді. ХІХ ғасырда аймақтағы еуропалық елдердің геосаяси мүдделері, араб елдерінің отарлау саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясына айналған «ан-нахда ал-арабийя» - араб ұлттық қозғалысын жандандырған болса, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында, аймақтағы сыртқы және ішкі факторлар ислам дінінің радикалдануына әкеліп, халықаралық терроризм және экстремизм мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Таяу Шығыс елдері және Орталық Азияның географиялық жақындығы, аймақтардың өзара байланысының артуы Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық, діни-конфессиялық жағдайға талдау жасаудың өзектілігін арттырады. Орталық Азия-Таяу Шығыс көлік дәліздеріне интеграциялануды көздеп отырған Қазақстан Республикасының негізгі мүдделерінің бірі – Таяу Шығыс аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі. Осы орайда, бұл мақаланың мақсаты – Таяу Шығыстағы саяси өзгерістер мен қауіптердің ерекшеліктерін, радикалды идеялардың мәні мен бағыттарын және олардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсерін түсіну мақсатында ғылыми-сараптамалық шолу жасау. Мақаланың халықаралық қатынастар және шығыстану салаларын зерттеуші жас ғалымдар үшін тәжірибелік маңызы зор. Тірек сөздер: геосаясат, Араб көктемі, Таяу Шығыс, аймақтық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы, сыртқы саясат, көлік коммуникациялары