ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ОТБАСЫЛАРДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БЕЙІМДЕЛУ ҮДЕРІСІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2024.88.4.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада авторлар 2023 жылы өткізілген сапалық зерттеудің деректеріне сүйене отырып, жалғызбасты отбасында тәрбиеленген балалардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін анықтауға тырысты. Мақаланың негізгі мақсаты — жалғызбасты отбасылардағы балалардың мінез-құлық үлгілерімен психологиялық-әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін талдау, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау және осы отбасылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу. Мақалада қолданылған негізгі әдіс-тереңдетілген сұхбат. Алматы қаласында тұратын 50 жалғызбасты ата-анамен (45 ана, 5 әке) жүргізілген сұхбаттар QDA Miner бағдарламасы арқылы талданды. Сұхбат материалдары жалғызбасты отбасылардағы балалардың психологиялық-әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктерін, қиындықтарын және оларды шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері жалғызбасты отбасылардағы балалардың психологиялық-әлеуметтік бейімделуі бірқатар маңызды факторларға тәуелді екенін көрсетті: отбасылық қаржылық жағдай, екінші ата-ананың қатысу деңгейі, отбасылық қолдаудың сипаты және ата-ана тәрбиесінің стилі. Беделді тәрбие стилін ұстанатын отбасылардағы балалардың эмоционалдық тұрақтылығымен әлеуметтік бейімделуі жоғары деңгейде екені анықталды.Мақаланың практикалық маңыздылығы — алынған нәтижелер жалғызбасты отбасылардағы балалардың психологиялық әл-ауқаты мен әлеуметтік бейімделуін жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен әлеуметтік қызметтерді жетілдіруге ғылыми негіз бола алады. Сонымен қатар, мақалада ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстар білім беру мекемелерімен әлеуметтік қызметкерлердің жалғызбасты отбасылармен жұмыс істеу тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді.