ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.82.4.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада химияны оқыту барысында білім алушылардың танымдық белсенділігін арт-тырудың ғылыми-педагогикалық негіздері талданған. Танымдық белсенділік оқушылардың білім алуға деген ішкі мотивациясын, өзіндік ізденуін, шығармашылық қабілеттерін дамы-туда маңызды рөл атқарады. Зерттеуде танымдық белсенділіктің теориялық негіздері мен оның құрылымдық элементтері–танымдық қызығушылық, дербестік және шығармашылық әрекет қарастырылған. Авторлар химия сабағында интербелсенді оқыту әдістерін қолдану-дың тиімділігін негіздеп, білім беру үдерісінде оқушылардың дербес ойлау қабілетін дамыту қажеттігін көрсетеді.Мақалада интербелсенді әдістердің білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын, сыни ойлауын және тәжірибелік қабілеттерін арттыруға ықпал ететіні дәлелденген. Сонымен қатар, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оқыту әдістемесінің негізгі педагоги-калық шарттары анықталған: жеке тұлғаға бағытталған оқыту, өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру және кері байланыс ұсыну. Авторлар мұғалімнің оқытудағы рөлін қайта қарастырып, оны оқушының танымдық әрекетін бағыттаушы, шығармашылық әлеуетін ашушы ретінде сипаттайды.Мақалада ұсынылған теориялық және практикалық тұжырымдар білім беру сапасын арттыруда, әсіресе химия пәнін оқытуда маңызды болып табылады. Бұл зерттеу нәтижелері оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың жаңа тәсілдерін енгізуге, білім беру үдері-сінің сапасын жақсартуға және оқушылардың ғылыми танымға деген қызығушылығын арт-тыруға бағытталған.