ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КОНФЛИКТТЕРДІ ШЕШУДЕ ҚАЗАҚХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.81.4.013
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі қоғамда педагогикалық үдерістің қатысушылар арасында конфликттер жиі туады. Оларды шешу үшін халықтың даналығын мен мәдениетінің элементтерін қолдана білу маңызды. Бұл мақала конфликттік жағдайларды шешудің тиімділігін арттыру арқылы білім беру субъектілерінің тұлғалық қасиеттерін мен икемді дағдыларын дамыту процесіне арналған. Теориялық зерттеуде конфликт мәселесі бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттер талданды, осы ұғымның психологиялық мазмұны ашылды. Жоғары білім беру жүйесіндегі конфликттердің түрлері мен себептері анықталып, оларды шешудің тиімді әдістері зерттелді. Сонымен қатар, дәстүрлі мәдениет тәжірибесі -қазақ билерінің тәсілдері конфликттерді конструктивті шешу перспективасы ретінде қарастырылып, олардың психологиялық ерекшеліктері анықталды. Бастапқы эмпирикалық зерттеу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті-нің гуманитарлық және жаратылыстану мамандықтары студенттерінің психологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдауға мүмкіндік. Эксперименттік топта жүргізілген әлеуметтік-психологиялық тренингтер кешені студенттердің конфликттік жағдайларда халық-тық даналықты тиімді қолдану тәсілдерін игеруіне ықпал етіп, өзін-өзі танытуына оң әсер етті.Зерттеу нәтижесінде оқу процесінде туындайтын конфликттік жағдайлар проблемаларды тиімді шешуді, қарым-қатынастарды реттеуді және үйлесімді тұлғааралық қатынастарды орна-туды қажет ететіні анықталды. Университеттерде кездесетін конфликттік жағдайларды болдыр-мау үшін біз кейде халықтық даналық пен әзілді қолдану пайдалы деген қорытындыға келдік.