Аннотация
Бұл ғылыми мақалада ұялы байланыстар біздің өмірімізге қаншалықты еніп кеткендігі жайлы және зерттеулердегі соңғы деректерге негізделе отыра жазылды. Қазіргі кезде жастары-мыздың ұялы байланысқа тәуелділігі қоғамымыздың негізгі мәселесі болып келеді. Студенттер-дің қарым-қатынас көзіне айналған ұялы байланыс түрлерінің беретін мүмкіндіктері мен оған тәуелділіктің пайда болуының негізін ашуға тырыстық. Стресс, резильенттілік және ұялы бай-ланысты шамадан тыс пайдалану түсініктеріне теориялық және эксперименттік талдау жүргізілді. Зерттеу әдістері ретінде созылмалы стреске лейпцигтік экспресс-тест, резильенттілік шкаласы -The Resilience Scale (RS-25), Scale PUMP: Problematic Use of Mobile Phone ұялы телефондарды проблемалық пайдалану (PUMP) саулнамалары жүргізілді. Зерттеуге Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогикалық бағыты бойынша білім алатын жалпы саны 130 студент қатысты. Жас шамасы бойынша 18-19 жасты құрады. Ұялы байланысты шамадан тыс пайдалану барысында айтарлықтай стресс деңгейінің жоғарлай-тындығы анықталды.