ОРТА ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ДЕНЕЛІК-МЕН ИМИДЖІНІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ СӘТТІЛІГІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2024.81.4.009
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада орта жастағы әйелдердің денелік-Мен имиджі және оның тұлғааралық қарым-қатынастың сәттілігіне әсері заманауи психологиялық тұрғыдан қарастырылады. Дене имиджі -бұл адамның сыртқы келбетін өзін-өзі бағалауды, өз денесімен жайлылықты және оның физикалық тартымдылығына деген көзқарасты қамтитын өз денесі туралы идеясы. Денедегі табиғи өзгерістерге тап болған орта жастағы әйелдер үшін өз денесін оң қабылдау қиын болуы мүмкін.Теориялық зерттеуде «Денелік-Мен» және «имидж» ұғымдарына сипаттама берілген, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиет талданған. Сонымен қатар, орта жастағы әйелдерің денелік-Мен имиджіне әсер ететін факторлар және орта жас кезіндегі дағдарыстың аспектілері қарастырылған. Денелік-Мен имиджі және тұлғааралық қарым-қатынастардың сәттілігінің өзара байланысы талданып визуалды түрде келтірілген.Эмпирикалық зерттеу ретінде орта жастағы әйелдерге екі аспектті диагностикалау үшін сауал-намалар ұсынылды: бірі -О.А. Скугаревскийдің «Өз дене бейнесінің сауалнамасы», екіншісі –тұлғааралық қарым-қатынастың сәттілігін бағалайтын авторлык сауалнама. Зерттеуге қатысушы-лардың көпшілігі тұлғааралық қарым-қатынастың сәттілік факторлары бойынша орташа көрсет-кіштерді көрсетті, дегенмен олардың денесіне қанағаттану дәрежесі төмендеу болып шықты.