Аннотация
Балнұр Балғабекқызы Қыдырбек (1955) қазіргі заманғы қазақстандық композиторлықмектебінің көрнекті өкілі. Оның 500-ден астам әртүрлі жанрларда жазылған опера, балет,симфониялық және үрмелі аспаптар оркестріне арналған музыка, реквием, кантата т.б. қатарындакөлемі екі концерттік бағдарлама құрайтын халық аспаптар оркестріне арналған туындыларыкөптеген шығармашылық ұжымдардың концерттік репертуарына еніп, жиі орындалуы музыкатануғылымы тарапынан әлі де болса арнайы зерттеп, зерделеп, бағалауды қажет ететін дүние.Зерттеудің мақсаты – қазақ музыкасында көршілес (қазақ-қырғыз) халықтар арасындағыөзара мәдени алмасу үрдістері үлгісін композитор Балнұр Қыдырбектің «Қырғыз күй» атты халықаспаптар оркестріне арналған шығармасы арқылы талдап, композитордың дара келбетін айқындау.Оған жету үшін: 1) қазіргі кезде композитордың әртүрлі жанрларда көптеген шығармалар жазутехникасын меңгерген шеберлігін сипаттау, 2) қазақ және қырғыз халықтарының дәстүрліаспаптық музыкасында қалыптасқан байланыстарды зерделеу, 3) халық аспаптар оркестрінеарналған «Қырғыз күйдің» музыкалық семантикасына талдау жасау, 4) жаңа композиторлықтехнологиялар арқылы оркестр партитурасына енгізілген әртүрлі орындаушылық тәсілдердіанықтау секілді міндеттер атқарылды. Мақалада кешенді және жүйелі тәсілдер, салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-типологиялық, морфологиялық әдістер қолданылды. Композитордыңшығармашылық келбетін айқындау үшін Сара Күзембай, Гүлмира Мұсағұлова, Зүлфия Касимова,ал қазақ-қырғыз музыкасындағы байланыстар жөнінде Аугост Эйхгорн, Сәуле Утегалиева, АқботаТұрымбетова, Мақсат Медеубектің зерттемелері пайдаланылады. Атқарылған жұмысты дайындаудаАйгуль ЕргалиеваМахамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал, Қазақстан)КОМПОЗИТОРБАЛНҰР ҚЫДЫРБЕКШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЕГІЗІНДЕ КӨРШІЛЕСХАЛЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫМУЗЫКАЛЫҚБАЙЛАНЫСТАРДЫТАЛДАУ («ҚЫРҒЫЗ КҮЙ»МЫСАЛЫНДА)121ҚАЗІРГІ ӘЛЕМНІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІНДЕГІ АДАМ C A J A S Volume 9. Issue 4. 2024КіріспеБалнұр Балғабекқызы Қыдырбекқазіргі кезеңде музыка өнерініңбарлық жанрларын меңгерген көрнектікомпозиторлардың бірі. Оның есімікәсіби музыкалық ортамен қатаркөпшілік қауымға танымал болса да,шығармашылығы туралы музыкатануқырынан сарапталған ғылыми еңбектеркөп емес. Өнертану докторы, профессорСара Күзембай «Қалқаман-Мамыр»опера-балетінің сюжеті мен музыкасытуралы жазса (281), өнертану кандидатыГулмира Мұсағұлованың мақалаларындасимфониялық туындылардың сюжеттікжәне музыкалық семантикасықарастырылады (321). Ал, өзшығармашылығында үрмелі аспаптарменқатар халық аспаптар оркестрінежазылған Балнұр Қыдырбектіңтуындылары арнайы талдау жұмыстарынатқаруды талап етеді.Қазақ халық аспаптар оркестрінеарналған алғаш шығармаларды АхметЖұбанов, Латиф Хамиди, ЕвгенийБрусиловский, Леонид Шаргородский,Дмитрий Шабельский (өңдеулер менлайықтауларды да ескере отырып) жазса,олардың ізімен Сыдық Мұхамеджанов,Кенжебек Күмісбеков, НұрғисаТілендиев қазақ музыкасының алтынқорына енген туындыларды дүниегеәкелгені белгілі. Балнұр Балғабекқызыөзіне дейін қаланған композиторлықмектептің көрнекті өкілдерініңтуындыларын бойына сіңіре отырып,халықтық аспаптық музыкасына қатыстыізденіс жұмыстарын атқарады.Фольклорлық музыканың 150-ден астам үлгісін хатқа түсіріп, молэтнографиялық тәжірибе жинақтағанкомпозитор қазақ домбырасынатипологиялық тұрғыда туыс қырғыздыңкомуз күйлеріне назар аударып, қазақхалық аспаптар оркестріне арналған«Қырғыз күй» атты шығармасын қалыңжұртшылыққа ұсынады. Композиторқырғыздың дәстүрлі музыкасынпартитураға түсіру барысында ұлттықбелгілі қазақстандық дирижер-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, профессор АйтқалиЖайымов және Дәулеткерей атындағы облыстық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісіжәне бас дирижері Еркін Нұрымбетов интерпретациясындағы композитор Балнұр Қыдырбектіңшығармаларын орындау үлгісі маңызды болды.Зерттеу нәтижесінде көнеден жеткен қазақ және қырғыз күйлеріндегі сюжеттік, жанрлық,құрылымдық байланыстардың маңызы айқындалып, халық аспаптар оркестріне арналған «Қырғызкүй» шығармасы арқылы композитор Балнұр Қыдырбектің халық аспаптар оркестрі репертуарынкеңейтумен қатар, жаңа интонациялық құрылымдар мен орындаушылық тәсілдерін енгізгенікөрсетілді. Музыканттар партиясында алғаш рет дауыспен орындау элементтерінің, домбырашанағын қағып ойнау тәсілдерінің қолданғаны талданды.