ӨМІР-ТАРИХТЫҢ ӨЗІНЕН АЛЫНҒАН ТУЫНДЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5657.2024.90.4.008
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Сан жылдар бойы бұрмаланған дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды тарихи қалың қабаттарынан аршып, құндылығымызды дәріптеу, тәуелсіз көзқарас тұрғысынан оң бағасын беру –зерттеудің өзектілігі болып табылады. Зерттеу нысанына жазушы Сәкен Жүнісовтің “Ақан сері”дилогиясы алынды. Мақалада авторлар әдеби шығармаларда көрініс тапқан барымта салтының қазақ халқының өміріндегі орны мен мәнін айқындауды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету барысында ғалымдардың тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан жазылған тарихи еңбектерін кеңінен пайдаланады. Нәтижесінде тарихшылар мен ел өмірін тереңнен қаузайтын жазушылардың көркем шығармаларындағы сабақтастық пен байланысты дилогиядан келтірілген мысалдар арқылы дәлелдеп отырады. Зерттеудің құндылығы –ғылымда бүгінге дейін тарихи, этнографиялық, құқықтық, мәдени тұрғыда жазылып келген барымта салтының әр кезеңдегі (кеңестік, тәуелсіздік) қазақ әдебиетіндегі көрінісіне, оны жазудағы жазушылардың көзқарасы мен ұстанған авторлық позициясына алғаш талдау жасалғандығында. Қазақ прозасында қазақтың барымта салтының күнгейі мен көлеңкелі тұстарын ашып көрсеткен туындылар жетерлік. Зерттеу сан ғасырлық тарихы бар қазақ салтында ел ішіндегі тәртіп пен қарым-қатынасты реттеуде өзіндік орны мен мәні бар барымта салтының ұлттық сипатын ашуға бағытталған.