Аннотация
Арнайы білім беруді модернизациялау, сөйлеу бұзылыстарын түзетудің оңтайлы жолдарын үнемі ізденіп дәстүрлі және инновациялық жұмыс түрлерін қолдануды көздейді. Қазіргі кезде педагогтердің тәжірибелік қоржыны түзету жұмыстарында жоғары нәтижеге жеткізетін түрлі технология, әдістер мен құралдардың арсеналымен толыққан. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған оқушылар сөйлем құрауда бірнеше қиындықтарға кездеседі, олар сөйлем құрылымы, сөздің орналасу тәртібі, сөйлемдердің аяқталмай қалуы мен грамматикалық қателіктердің жіберілуінде көрініс табады. СТЖД оқушылар негізінен қарапайым, аз ақпараттандырылған сөйлемдерді қолданады. Осыдан келе маңызды міндет - баланы сөйлемдерді дұрыс құрып және сөз арасындағы семантикалық және грамматикалық байланыстар туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. Осы мақсатта арнайы түзету бағдарламалары мен әдістемелер қолданылып, сөйлем құрастыруға арналған жаттығулар жиынтығы оқушылардың сөйлеу тілінің дамуындағы бұзылыстарды түзету үшін маңызды рөл атқарады. Мұндай түзету жұмыстарының тиімділігі баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін жүйелі және жан-жақты жұмысқа байланысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде оқушылар грамматикалық құрылымдарды меңгеріп, сөйлеу тілін еркін әрі дұрыс пайдалану дағдыларын игереді. Сондай-ақ, мектептегі оқыту бағдарламалары мен арнайы әдістемелер оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың негізі болып табылады. Мұғалімдер бұл жұмыстарды жеке, топтық және сыныптық жаттығулар арқылы жүзеге асырып, әр баланың жеке көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай кешенді тәсілдер сөйлем құрастыру дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың коммуникацияда ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жақсартуға ықпал етеді.