КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БҮГІНГІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН БОЛАШАҚҚА БОЛЖАМДАР

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63034/esr-357
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жаңа технологиялардың пайда болуы мен автоматтандыру процесінің үдеуі көптеген мамандықтардың жойылып, орнына жаңа мамандықтардың келуіне әкелуде. Бұл жағдай болашақ мамандардың өзгерістерге дайын болуын, сонымен қатар қазіргі заманғы қажеттіліктерге бейімделе алатын мамандықтарды таңдауды талап етеді. Сондықтан жастардың білім алу траекториясын дұрыс жоспарлап, еңбек нарығындағы қажетті дағдыларды меңгеруі үшін кәсіби бағдарлау қызметінің сапасы маңызды. Мақалада кәсіби бағдарлау қызметінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктеріне талдау жүргізілді. Машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректер мен әлеуметтік желілерді талдау, табиғи тілді өңдеу және чат-боттар сияқты жасанды интеллект әдістері ұсыныстардың дәлдігі мен даралануын арттыра алатыны қарастырылған. Технологияларға қолжетімділік, деректердің құпиялылығы және еңбек нарығымен жеткіліксіз интеграция мәселелеріне назар аударылды. Жасанды интеллектіні мамандықтарға деген сұранысты болжау, білім беру траекторияларын даралау және бейімделген кәсіби бағдар жүйелерін енгізу үшін қолданудың болашағы жарқын екендігі анықталды. Жасанды интеллекттің кәсіби бағдарлауды трансформациялаудағы жоғары әлеуеті болғанымен, кездесетін кедергілерге шолу жасалды. Болашақта зерттеу нәтижелері осы салада инновациялық құралдар мен қызметтерді әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.