ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МОДЕЛІН ЖОБАЛАУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.027
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада автор орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырумоделін жобалаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады. Ғылыми-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді талдау нәтижесі, модельдеу зерттеудің көп қырлы әдісі бола отырып, таным теориясының ажырамас бөлігі ретінде әрекет ететіндігін көрсетті.Модель тұжырымдамасын және модельдеу мәселелерін философиялық тұрғыдан талдай отырып, ғалымдар өз зерттеулерінде жүзеге асырды. Мақалада модельдеу зерттеу объектісінің мәніне тереңірек енуге мүмкіндік беретіні аталды.Автор шетелдік және қазақстандық ғалымдардың инклюзивті білім беруді ұйымдастыру моделін жобалау жөніндегі диссертациялық жұмыстарына жүргізілген талдау негізінде (2003-2023жж.) инклюзивті білім беру моделін жобалаудың әртүрлі тәсілдері бар екенін айқындайды және автор модельдердің мынадай түрлерін белгіледі: инновациялық модель, өңірлік модель, интегративті модель, синергетикалық модель, құрылымдық-мазмұндық модель және т. б.Мақалада инклюзивті білім беруді ұйымдастыру моделінің, арнайы мектептің жаңартылған моделінің негізгі тұстары сипатталған.