ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ САНДАЛ-ОШАҚТАР ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯ ДАЛАСЫНДАҒЫ ОНЫҢ БАЛАМАЛАРЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2024.83.4.020
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Түркістан - Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Бұл қала туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғасырдан бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Бүгінгі таңда қазақ ұлтының жаңаруы мен мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасу процесі жүріп, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік тарихи дамудағы орны анықталып жатқан кезде, қоғам өміріндегі күрделі құбылыстармен тығыз байланыста қаралатын өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің маңызы артып отыр. Орта Азия мен Қазақстан аумағында тарих түкпірінде пайда болып, түрлі шапқыншылық кезеңдерде басқа елді мекендер сияқты өшіп кетпей, қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан саусақпен санарлық қалалардың бірі ол – Түркістан қаласы. Бүгін көне қала Түркістаннан табылып, күні бүгінге дейін сақталған жәдігер жайында айтуды жөн көрдік. Мақалада Орта Азия мен Қазақстанның кейбір аймақтарындағы сандал-ошақтар мен оның шығу тарихы туралы сөз қозғалады. Әр өңірдегі археологиялық зерттеулер барысында тұрғын үйлерден сандал-ошақтар көптеп анықталғанымен, сандал-ошақтың төлімен табылғаны жоқтың қасы. Бұл зерттеудің маңыздылығы кейінгі кезең болса да, сандал-ошақтың төлімен бірге табылуы. Орта Азия мен Қазақстанның басқа халықтарымен қатар, қазақ халқында да сандал-ошақтың болғандығын дәлелдемелер келтіре отырып хабардар етеді. Мақаламыздың мақсаты ХІІ ғасырдан бастап кездесетін сандал-ошақтың ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін пайдаланылғанын дәлелдеу және ғылыми айналымға енгізу. Сандал-ошаққа шоқ салынғанын көзімен көрген, қызуына жылынған кісінің өз ауызынан естіген әңгімелермен көпшілік қауымға паш ету. Сондай-ақ, автор көнекөз қариялармен көптікөрген апаларымыздың бар кезінде осындай жәдігерлерді іздеп, деректерді жазып алып, келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталады. Мақала AP19678134 «Келес өңірінде орналасқан ежелгі Күлтөбе қалашығында археологиялық және пәнаралық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми жоба негізінде дайындалды.