Аннотация
Мақалада Шығыс Қазақстандағы ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық мәселесіне арналған еңбектерге тарихнамалық шолу жасалады. Зерттеулердің барлығы Кеңес режимінің қазақ қоғамына әкелген апаттың күштеп жүзеге асырылғанын көрсетеді. Бұл тақырып бүкіл әлемдегі ғалымдарды қызықтыруда. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы күштеп ұжымдастыру, тәркілеу және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі өмір салтын өзгерту әрекеттері қазақ халқының үлкен қасіретке ұшырауына себеп болды. Осы трагедияның тарихын зерттеу қазақ халқының басынан кешкен ауыр сынақты есте сақтауға, одан сабақ алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мақалада өткен қасіретті тарихты ғылыми тұрғыдан ұғыну және талдау қазақстандықтардың қазіргі және кейінгі ұрпақтары үшін маңызды әрі қажет екені айтылады. 1930 жылдардағы «Ұлы ашаршылық» қазақ халқының жойылып кету қаупін туғызды. Қазақ халқының этникалық топ ретінде сақталуы туралы өткір мәселе көтерілген болатын. Осы уақытқа дейін қазақ халқының басынан өткен қасірет жөніндегі барлық материалдар толықтай қаралып, зерттелген. Атап айтсақ, батыс ғалымдарының еңбектері, орыс және украин тарихшыларының жеке монографиялары жеткілікті түрде зерттелмеген. Қазіргі кезде шетелдік мұрағаттарда сақталған көптеген жаңа деректер табылуда. Соңғы жылдарда мұрағат қызметкерлерімен құпиясыздандырылған құжаттар ұсынылған көптеген жинақтар шығарылған. Ол құжаттар қатарына: ақпараттық мәліметтер мен шолулар, тақырыптық анықтамалар, ұжымдастыру барысы жөніндегі, мүлік пен малды тәркілеу туралы сараптамалық баяндамалар, көшпелі халықпен шаруалардың жаппай, кейде қарулы бас көтерулері туралы талдамалық баяндамалар, адамдардың эмиграциясы туралы арнайы анықтамалар және тағы басқалары жатады. 1930 жылдардағы ашаршылық қазақ халқының ең үлкен демографиялық және гуманитарлық апаты болды. Осы мақалада автор зерттеліп отырған мәселеге Шығыс Қазақстан бойынша назар аударады. Шығыс Қазақстан өңірі халқының ашаршылықтан кейінгі ауыр тағдыры естеліктер ретінде бейнеленеді. Ашаршылықтың салдарынан қиындықтар мен қайғы-қасіреттер куәгерлердің тағдырына терең із қалдырған.