МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ КИБЕРМӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2024.84.4.034
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кибермәдениетін дамыту мәселесі соңғы онжылдықта жанданып, өзектімәселелердің біріне айналуда. Қазіргі қоғам -ақпараттық технологияларды дамыту және әртараптандыру қоғамы. Бұл мақалада авторлар отбасындағы қазіргімектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің жай-күйіне талдау жасаған. Айта кету керек, ХХІ ғасыр балаларының цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникацияларды пайдаланумен байланысты дағдыларын әлемдік ғылыми, қоғамдық және ата-аналар қауымдастықтары белсенді зерттеп, талқылауда. Мектеп жасына дейінгі балалар әртүрлі ақпараттық ағынның қақтығыстарына ұшырайды, олар пайдалы және қажеттіліктен ашық агрессивті, манипуляцияға дейін өзгереді. Себебі, мектеп жасына дейінгі бала ақпараттар легін пайдалы, пайдасыз деп іріктей алмайды. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың кибермәдениетін дамытуда ересектердің, тәрбиешілер мен ата-аналардың атқаратын рөлі орасан зор.Мақалада сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кибермәдениетін дамытудың педагогикалық аспектілеріжан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар мақалада авторлар кибермәдениетті дамытудың педагогикалық мәнін анықтауда бірнеше заманауи ғылыми-педагогикалық тәсілдерге сүйеніп, дамыту жолдарын «Киберкеңістік» бағдарламасы арқылы ұтымды дәлелдейалған.Сондай ақ, мақалада ғылымиәдебиеттер талданып, мектеп жасына дейінгі ересек балаларда кибермәде-ниетті дамытудың әдістемелік мәселелері шешімін тапқан.