ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ: ОПТИКА БОЙЫНША ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ МЫСАЛЫНДА

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.88.4.020
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада оптика бойынша зертханалық жұмыстарды орындауда («Ньютон сақиналары арқылы линзаның қисықтық радиусын анықтау» зертханалық жұмысын орындау мысалында) компьютерді қолданумүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты экспериментті жүргізу, деректерді өңдеу және нәтижелерді ұсыну процесінде компьютерді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау болды. Зерттеу барысында зертханалық жұмыстарды орындау барысында дәстүрлі әдістер де, компьютерлік бағдарламалар да қолданылды. Кейін зертханалық жұмыстарды орындаудың әрбір түрінің білім алушылардың қабылдауына, алынған нәтижелердің дәлдігіне және тиімділігіне әсері салыстырмалы түрде талданды. Зерттеу нәтижелері компьютерлік бағдарламалар өлшеу дәлдігін арттыруды, деректерді өңдеу процесін жылдамдатуды және нәтижелерді көрнекі етуді қамтамасыз ететінін көрсетті. Дегенмен, техникалық жабдықтарға тәуелділік және білім алушыларды бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуге алдын ала дайындау қажеттілігі сияқты кейбіршектеулер де анықталды. Зерттеудің маңыздылығы физиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесінжетілдірумен байланысты болып табылады. Бұл мамандарды дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді және заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді.