БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫНДА ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘСІЛДЕ PYTHON-ДЫ ОҚЫТУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.88.4.023
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеу Python тілінде бағдарламалауды оқыту процесін білім беру платформасы негізінде тәжірибеге бағытталған тәсілмен ұйымдастыруды қарастырады. Бағдарламалау дағдыларын қалыптастыруүшін теориялық білімді практикамен ұштастыру өте маңызды, себебі бұл студенттерге оқу процесін белсенді және тиімді түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Python тілі –бағдарламалауды үйренугеқолайлы, қарапайым әрі қуатты құрал болып табылады.Қазіргітаңда оқу процесінде білім беруді цифрландыру мәселелері өзекті болып табылады. Білім беру сапасын оңтайландыру, сапалы оқытуды жүзеге асыру білім беру платформасын ұсынуға байланысты. Мақаланың мақсаты -еліміздегі жоғары оқу орындарында информатика мұғалімдерін даярлау және IT мамандықтарында білім алушыларға Python тілінде бағдарламалауды оқыту барысында тәжірибелік бағыттағы тәсілдерді қолдану, білім алу сапасын арттырып, кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған. Білім беру платформасы арқылы оқытудың басты артықшылығы –білім алушылардың өзіндік жұмыс жасау мүмкіндігі және олардың оқыту процесіне белсенді қатысуы. Платформа интерактивті тапсырмаларды, жаттығуларды, тесттерді және бейнемазмұнды ұсына отырып, студенттерді практикалық тұрғыда жұмыс істеуге ынталандырады. Сонымен қатар, платформада қолданылатын автоматты бағалау жүйесі студенттердің нәтижелерін тез арада тексеріп, оларға кері байланыс береді, бұл өз кезегінде білім деңгейін арттыруға көмектеседі.Бұл тәсілдің нәтижесінде студенттер Python тілінде бағдарламалаудың негіздерін жақсы меңгереді, сонымен қатар қиын әрі күрделі тапсырмаларды шешуге дағдыланады. Тәжірибеге бағытталған оқыту әдісі оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытып, бағдарламалау саласындағы құзіреттіліктерін арттырады.