CLIMPACT БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2024/36
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында қазіргі таңда табиғи апаттардың артуы белең алып отыр. Осы орайда, климаттың өзгеруі мәселесіне баса назар аударылуда. БҰҰ ұсынған тұрақты даму мақсаттарының бірі – климаттың өзгеруімен күрес болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында аймақтық, республикалық және әлемдік деңгейде көптеген іс-шаралар атқарылып, маңызды қорытындылар шығарылып жатыр. 2023 жылдың желтоқсанында Дубайда климат жөніндегі дүниежүзілік саммит өтіп, мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев сөз сөйлеп, еліміздегі климатқа қатысты мәселелерді қозғады. Климаттың өзгеруін бағалау үшін климаттық индекстерді есептеу маңызды болып табылады. Осы орайда ClimPACT бағдарламалық өнімін қолдану арқылы климаттық индекстерді есептеу мүмкіндігі бар. ClimPACT қазіргі таңда климаттық индекстерді есептеуде қолданылатын, ашық қолдану мүмкіндігі бар онлайн бағдарламалық өнім болып табылады. Бұл шолу мақаласында ClimPACT бағдарламалық өнімін қолдану арқылы климаттық индекстерді есептеу бойынша нұсқама жасалды. Осы бағдарлама арқылы жас ғалымдар ғылыми мақалада климаттық жағын зерттеп қарастыруға көмектеседі. Бұл нұсқама «Метеорология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына, климат және ауылшаруашлығы саласындағы мамандарға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық қызметкерлерге, жас ғалымдарға арналған.