ҚАПШАҒАЙ СУҚОЙМАСЫ МЕН ЖОҒАРҒЫ ІЛЕ ӨЗЕНІНДЕГІ ПІЛМАЙ (ACIPENSER NUDIVENTRIS) ПОПУЛЯЦИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/4-2024/38
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада 1970 жыл мен 2024 ж. аралығында пілмай туралы жарияланған әдебиет көздерінен алынған мәліметтер, сонымен қоса Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жасалған ғылыми жұмыстар және балықшылар мен балық инспекциясы мамандарынан алынған мәліметтер келтірілді. Пілмай (Acipenser nudiventris Lovetsky, 1828) бекірелер тұқымдасына жататын саны аз және бағалы балық түрі. Ол Арал теңізінің эндемигі болып табылады. Тіршілік ететін табиғи ареалы Қара, Азов, Каспий, Арал теңіздерінің бассейндері мен олардың сағалары. Пілмай әлемдегі ең осал және аз бекіре тұқымдас балықтарға жатады, оны 1933-1934 жылдардағы жерсіндіруінің арқасында бүгінгі таңда Балқаш-Іле бассейнінде (Қазақстан – ҚХР) жекелеген даралар кездеседі. Айта кету керек бұл бекіре тұқымдас балықтарды сәтті жерсіндірудің жалғыз мысалы. 2024 жылы Қапшағай су қоймасындағы және Іле өзеніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мамыр-тамыз айларында 10 станция бойынша өткізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша пілмай популяциясының саны өте төмен. Ауға сирек тек шабақтары ғана түседі. Осы түрдің мүлде жойылып кетуден сақтау үшін Балық шаруашылығы ғылыми-өндірісітік орталығы, Балқаш филиалында тұйық жүйелі қондырғыда пілмайдың ремонттық-аналық үйірін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.