МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ АУРУЛАРЫН ТИІМДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.25-607
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Берілген мақалада сүт бездерінің патологиясын анықтау әдістерін жетілдіру үшін заманауи машиналық оқыту технологияларын, атап айтқанда You Only Look Once (YOLOv8) және Faster Region-based Convolutional Neural Network (R-CNN) қолдану қарастырылған. Мақалада сүт безі ауруларын диагностикалаудың қолданыстағы әдістері талданып, олардың тиімділігі бағаланады. Маммографиялық кескіндердегі патологияны анықтау үшін YOLOv8 және Faster R-CNN архитектуралары қолданылады. Жұмыста патологиялар алты деңгей бойынша ауырлық дәрежесі мен аурудың ерекшеліктерін ескере отырып жіктеледі, бұл аурудың дамуын дәлірек бақылауға және жеке емдеу жоспарын құруға мүмкіндік береді. Жіктеу нәтижелері дәрігерлердің шешім қабылдау сапасын арттырып, диагностикалау мен емдеуді дәлдеп, жалпы тиімділігін жақсартуға ықпал етеді. Эксперименттік нәтижелер кескіндерді өңдеуде жоғары дәлдік пен жылдамдықты көрсетті, бұл патологияларды жедел әрі сенімді анықтауға мүмкіндік береді. Алынған деректер медициналық диагностикада машиналық оқыту алгоритмдерін қолданудың тиімділігін растайды және сүт безі ауруларын автоматты түрде анықтау жүйелерін жетілдірудің болашағын ашады, бұл ерте диагностика мен емдеуді оңтайландыруға ықпал етеді.