ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ЖӘНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.25-565
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кәсіпкерлік кез келген елдің экономикалық дамуының маңызды аспектісі болып табылады, әсіресе жұмыссыздық пен кедейлік сияқты күрделі мәселелер әлі де сақталып отырған дамушы мемлекеттер үшін [1]. Жоғары жұмыссыздық деңгейі, білім деңгейінің төмендігі және сыбайлас жемқорлықтың кең таралуы жағдайында жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыру өте маңызды [1]. Оларға креативтілік, тәуекелдерді басқару және проблемаларды шешу дағдылары сияқты негізгі құзыреттерді бере отырып, кәсіпкерлік ойлау барлық мамандықтағы білім алушылардың еңбек нарығындағы құндылығын айтарлықтай арттырады [2]. [Кәсіпкерлік ойлауды дамыту бағдарламаларының танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, олардың жастардың жұмыспен қамтылуы мен мансабына ұзақ мерзімді әсерін зерттеу шектеулі болып қалуда [3]. Бұл мақала осы олқылықтың орнын толтырып, Қазақстан Республикасындағы жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыруға әсер ететін факторлар мен қазіргі жағдайды талдауды мақсат етеді. Ғылыми мақалада кәсіпкерлік тұжырымдамасы бойынша қазіргі әдебиеттердің жағдайы қорытындыланып, зерттеушілерге оның шығу тегі, тамыры мен эволюциясын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Автор жастарды балалық шақтан бастап кәсіпкер болуға шақырады. Өз күш-жігерінің нәтижесінде олар кәсіпкерлік тәжірибені, дағдылар мен қабілеттерді, сондай-ақ кәсіпкерлік қиындықтарды шешу қабілетін дамытады. Мақалада жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту алғышарттары талданады. Зерттеу әдістері: Мақалада зерттеудің гипотезасы анықталғаннан бастап қолданылған сауалнама және оған құрастырылған сұрақтар, оларды талдау барысында статистикалық есетпеу тәсілдері авторлармен жүйелі қолданылды. Кәсіпкерлік ойлаудың негізгі аспектілері бөлініп көрсетіледі. Кәсіпкердің сыртқы және ішкі ортасының факторлары зерттеліп, олардың ойлау тәсіліне және кәсіпкердің іс-әрекет ету тәсіліне әсері негізделеді. Кәсіпкерлік ойлаудың дамуына қарай кәсіпкерліктің эволюциясының негіздемелері мен бағыттары қалыптастырылады. Кәсіпкерлікті жастар арасында насихаттаудағы осал тұстар анықталады.