КӨРКЕМ БІЛІМ ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРАКТИВТІ СТРАТЕГИЯЛАР ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫН ДАМЫТУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6381.2024.81.4.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жалпы мақалада, көркем педагогика саласында инновациялық интерактивті стратегиялар жүйесімен заманауи білім беруде студенттерге пәнаралық байланысты қалыптастыру мен жеке аспектілерін дамыту қарастырылған. Мақалада көркем педагогиканың шартты үрдістерінің ерекше атмосферасы және ондағы интерактивті стратегиялар тәсілдерінің үйлесуі мен өзара әрекеттесуі қамтылған. Мұнда, нақты негізделген өзекті мәселе, көркем педагогиканың инновациялық интерактивті пәнаралық жаңа тұжырымдамаларын жүйелі түрде заман талабына сай оқыту стратегиясы арқылы дұрыс пайдалану. Нақты айтатын болсақ, пәнаралық байланыстар арқылы білім беру жүйесінде түрлі салалардың кірігуіне және онда студенттердің бірнеше оқу пәндерін жан жақты тұсынан едәуір меңгеруіне негізделген. Соған орай, пәнаралық интеграцияны дамытудың негізі мен білім синтезінің қажеттілігі және оны толық меңгеруге, практикалық кәсіптік деңгейлерін, алдағы қызметтерде білімгерлердің тәжірибеде қолдануларына мүмкіндік береді. Заман талабына сай көркем білім беру педагогика саласында интерактивті әдістермен жан жақты пән аралық байланыс жасай отырып, зерттеудің тәжірибелік нәтижесін көрсету.Осылайша, ғылыми пәндер санының артуына байланысты, қазіргі таңда пәнаралық интеграцияны дамыту арқылы көркем білім беру саласындағы оқу процесін кеңейтуге жол ашу. Бұл оқушылардың күрделі мәселелерді шешуге қабілеттілігін арттырады. Яғни, пәнаралық байланыс білім берудегі өзара әрекеттестіктің негізгі элементі болып табылады. Зерттеу нысандарына келсек, жалпы интерактивті инновациялық жүйеде түрлі пән аралық байланыстармен көркем педагогика саласында студенттерге өнерді таныту. Жалпы мақалада, білім беруде бүгінгі таңда оқытудың инновациялық пән аралық байланыстарын дамыту және оны көркем білім беру бағдарламасы бойынша сапалы даярлап қамтамасыз ету жаңа тәсілді қолдану негіздері тұжырымдалды. Оқу процесінде интерактивті заманауи ақпараттарды қолдану студенттердің көркем білім беру педагогика саласында ойларын кеңейтуге және тәжірибелік дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік беретін түрлі ғылыми бағыттармен зерттеу негізделді.