СУ ЭЛЕКТРОЛИЗІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖАСЫЛ СУТЕГІНІ АЛУ ӘДІСТЕРІ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48081/sstn6854
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Энергия көзі ретінде сутегі жаңартылатын электр қуатын су электролизі жүйелерімен біріктіру арқылы климаттың өзгеруін азайтудың оңтайлы жолы ретінде анықталды. Протон алмасу мембранасы (ПАM) технологиясы өңдеуге және техникалық қызмет көрсетуге байланысты қиындықтарды азайта отырып, жоғары таза сутегіні тиімді өндіру қабілетіне байланысты айтарлықтай назар аудартып отыр. Сутегі өндірудің тағы бір технологиясы болып табылатын сілтілі су электролизі сутегі өндірісінде кеңінен қолданылады. Анион алмасу мембранасы (AАM) технологиясы салыстырмалы түрде төмен шығындармен сутегіні өндіре алады, өйткені протон алмасу мембранасы және сілтілі су электролизі жүйелерінде қолданылатын асыл металл катализаторлары әдеттегі арзан электр катализаторлармен ауыстырылады. Қатты оксидті электролиздік элемент технологиясы салыстырмалы түрде жоғары түрлендіру тиімділігімен, төмен бағамен және төмен шығарындыларымен сутегіні өндіруге арналған технология болып табылады. Дегенмен, қатты оксидті электролиз әдісінің жұмыс температурасы жоғары, бұл ұзақ іске қосу уақытын қажет етеді. Бұл мақалада электролиз жүйесінде суды пайдалануға қабілетті технологиялардың ағымдағы жағдайын қарастырады. Жаңартылатын электр қуатын, су электролизін және отын элементтерін біріктіру арқылы қуат пен таза су қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін интеграцияланған жүйелік тәсіл ұсынылды. Кілтті сөздер: сутегі, парниктік газдар, су электролизі, электрлік катализатор, анион алмасу мембранасы, протон алмасу мембранасы.