Өзін-өзі бағалау мұғалімнің жеке брендінің негізгі компоненті ретінде

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2024-4-225-234
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі білім беру жүйесі мұғалімдерге жоғары талаптар қояды: бүгінгі таңда ол кәсіби құзыреттерді ғана игеріп қоймай, өз мамандығынан бөлек дағдыларды да меңгеруі тиіс, олардың кәсіби қызметтегі маңыздылығын біздің зерттеуіміз көрсетіп отыр. Соңғы ғылыми зерттеулер қазіргі мұғалімнің кәсіби қызметіндегі табыстылығына аса қатты ықпал ететін жеке брендінің керектігі туралы сөз қозғайды. Авторлар мұғалімнің жеке брендін қалыптастырудың ажырамас бөлігі өзін-өзі бағалау болып табылатынын атап өтеді. Мақаланың өзектілігі соңғы кездері зерттеу мәселесі шешімінің орталығы адам екендігіне негізделеді. Қазіргі таңда мұғалімнің кәсіби тиімділігіндегі өзін-өзі бағалауды зерттеуге арналған еңбектердің саны жеткіліксіздеу. Мақала аясында зерттеудің мақсаты мұғалімнің жеке брендіне өзін-өзі бағалаудың ықпалын анықтау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін ғылыми әдебиетке талдау жасау және мұғалімдерден сауалнама алу әдістері таңдалды әрі қолданылды. Пікіртерімге әр түрлі пәндік салаға жататын 56 мұғалім қатысты. Пікіртерім мұғалімдердің өзін-өзі бағалау деңгейін, олардың жеке брендті қабылдауын және оны қалыптастыруға өзін-өзі бағалаудың ықпалын айқындауға бағытталған сұрақтардан құралды. Пікіртерім барысында жабық және ашық сауалдар қолданылды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде мұғалімнің өзін-өзі бағалауы және оның жеке бренді арасындағы өзара байланыс анықталды. Авторлар өзін-өзі бағалау мұғалімнің жеке брендін қалыптастырудың негізгі компоненті болады деген тұжырымға келеді. Зерттеу нәтижелерін ғылыми қызметкерлер, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері, практик мұғалімдер қолдана алады.