Төлен Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятындағы автор мен нарратор бірлігі

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-144-153
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазіргі қазақ прозасының классик жазушыларының бірі Т. Әбдікұлының «Тұғыр мен ғұмыр» хикаятындағы автор мен нарратор тұтастығы жөнінде сөз етіліп, саралау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі әдебиеттану ғылымында автор мен нарратторды бір-бірінен бөлек алып қарастыру тенденциясы бар. Оның негізі постструктуралист ғалымдардың тұжырымдарында жатқандығы мәлім. Алайда қанша өнер иесін өз туындысынан бөліп алсақ та, шығармашылық үрдісте автор бейсаналы түрде өз болмысын, образын оқырман санасында қалыптастыратыны анық. ХХ ғасыр басында туындаған автор теориясының әдебиеттану ғылымында маңыздылығы жоғары. Қазіргі қазақ прозасындағы автор мен нарратор тұтастығы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзектілігі бар. Сондықтан да осы мәселені негізгі мақсат етіп, тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ прозасындағы айтулы, классикалық шығармаларды нарратологиялық призмадан зерделеп, автор теориясының парадигмалық шеңберін зерттеуді нысан еттік. Зерттеу жұмысында Р.Барт, М.Фуко, В.Шмид, П.Доусон, сынды ғалымдардың автор теориясына қатысты ғылыми тұжырымдары мен отандық ғалым Т.У.Есембековтың авторлық баяндауға байланысты жасаған ғылыми тұжырымын негізге алдық. Көркем мәтінді зерттеу барысында шығармаға семиотикалық талдау жасай отырып жазушы стилін айқындап, кейіпкер образын даралауда авторлық хабарға (посыл) ерекше мән бердік. Автор өзін қаншалықты шығармадан алшақ ұстап нарраторға үлкен жауапкершілік жүктесе де, өзінің бар екендігін білдіретіні анық.