Парсы-түркі халықтары фольклорлық дәстүріндегі типологиялық ұқсастықтар

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-175-183
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалададәуірлер сабақтастығында болып жатқан рухани үйлесімділік сипатталады.Заманымыздың өзекті мәселесі – фольклордағы түркі дүниетанымы мен қазақ халқының ұстанымдарының орны мен бағасын анықтау.Түркі халықтарының мол байлығының жиынтығы саналатын қисса-дастандар, ғашықтық жырлар, батырлар жыры және т.б. әлемдік өркениетте де ерекше сипатқа ие.Олардың тарихи, құрылымдықтабиғатынзерттеубарысында ғалымдар фольклорлық дәстүрлердің сабақтастығына, типологиялық ұқсастығына назар аудара бастады.Мақалада Шығыс ғашықтық жырларының Алтын Орда-қыпшақ дәуірінде түркі әдебиетіне келу үдерісіндегі өзгеріс-ұқсастықтарының типологиялық сипаты егжей-тегжейлі қарастырылады. Зерттеу мақаланың негізгі бөлімінде парсы-түркі халықтары фольклорлық дәстүріндегі ортақ діңгек анықталады. Фольклорлық дәстүр жеке өз алдына жанр болып, халықтың рухани байлығының бастауына айналғандығы айқындалады. Авторлардың көзқарасындағы дін мен мәдениеттің берілу формаларының қаншалық шеберлікке сүйенгендігі байқалады. Қос өркениетті қоғамның арасындағы «алтын көпір» бола білген шығармалардың адамзат өміріне әкелген жаңалықтары мен пайдасының ұшан-теңіздігі көрініс табады. Бірқатар зерттеушілердің пікірлері жинақталып, оған қосымша түсініктеме беріледі. Әлем деңгейіндегі ғылымның зерттеу нысанына айналған көркемдік шынайылық пен фольклорлық дәстүр арасындағы өзара байланыстың қаншалықты нығыз орныққанына қорытынды бөлім арқылы нақты тұжырымдама береді.