Қазақ және ағылшын шығармаларындағы байлық концептісінің берілуі [вербалдануы] (Ғ.Мүсірепов, М.Митчелл шығармаларының негізінде)

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2024-149-4-78-87
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қазақ ағылшын тілінде жазылған шығармалардағы бір біріне туыстық жақындығы жоқ, туыстас емес халықтардың дүниетанымындағы байлық мәселесіне көзқарастарын қарастырады. Халықтың тілдік санасы дегеніміз халықтың дүниетанымының тіл түрінде, тілдік стереотиптерде бейнеленуі. Қазақ және ағылшын тілінде жазылған шығармаларды зерттеп, салыстыра отырып, біз тілдер туралы білімімізді кеңейтуге, екі мәдениет тарихының әдет-ғұрыптары мен деректерімен танысуға, халық даналығын түсінуге, жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарға қосылуға мүмкіндік аламыз. Мақала қазақ жазушысы Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы мен американдық жазушы Маргарет Митчеллдің «Желмен ғайып болғандар» романындағы «Байлық» ұғымының вербалдану ерекшеліктерін қарастыруға арналған. Талданатын байлық ұғымды білдіретін лексикалық бірліктердің жиынтығы өзек, жақын периферия және алыс шеткі болып құрылымдалған. Зерттелетін ұғым көбінесе материалдық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктермен түсіндіріледі. Романдағы концепцияның вербалдануын талдау англо-американдық менталитетте «Байлық» ұғымының мәні негізінен оның материалдық түсінігіне дейін төмендейді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақ және ағылшын тілінде жазылған шығармаларды зерттеп, салыстыра отырып, біз тілдер туралы білімімізді кеңейтуге, екі мәдениет тарихының әдет-ғұрыптарымен, деректерімен танысуға, халық даналығын түсінуге, жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарға қосылуға мүмкіндік аламыз.