Сарытоғай І – Іленің сол жағалауындағы ерте темір дәуірінің ескерткіші:

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52967/akz2024.4.26.207.235
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада авторлар Сарытоғай І қорымының шығыс тобындағы екі – № 11 және № 15 жерлеу-ғұрыптық кешенінде жүргізілген қазба жұмыстарына сипаттама береді. Нысандарды зерттеу оңтүстік-шығыс Жетісу археологиялық аймағындағы ескерткіштер құрамына кіретін жерлеу кешендерінің мәдени ұқсастығын анықтау және материалдарға салыстырмалы талдау жасау қажеттілігіне байланысты туындады. Археологиялық қазба жұмыстары барысында қару-жарақтар мен тұрмыстық заттар – қола және сүйек (мүйіз) жебелер, қола пышақ пен сүйектен жасалған қайыс бау үзбесі сынды ерекше материалдар алынды. Жерлеу-ғұрыптық кешендерін тұрғызудағы архитектуралық әдістерінің құрылымдық ерекшеліктері бойынша да анағұрлым қызықты деректер анықталды. Алынған материалдарға талдау жасай отырып, ескерткішті сақ-үйсін мәдениетінің кейінгі кезеңімен, яғни б.д.д. IV–I ғғ. деп мерзімдейміз. Осылайша, Сарытоғай аңғарында тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу жұмыстарының жалғасуы қисынды, себебі оңтүстік-шығыс Жетісу аймағы Қазақстанның ежелгі тұрғындарының материалдық және рухани мәдениетіне бай ерекше дереккөз.