Зиярат феноменінің психо-әлеуметтік көріністері

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-149-4-296-309
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала дін философиясы тұрғысынан әлемдік деңгейде және қазақ қоғамында өзекті болып отырған зиярат құбылысының психологиялық және әлеуметтік мәнін көрсетуге арналған. Зерттеу барысында зияратшылардың жасаған дұға-тілектері, рәсімдері мен діни білім деңгейлеріне талдау жасалады. Мақаланың мақсаты – Қазақстандағы киелі жерлердегі зиярат дәстүрлері мен тәжірибелері туралы эмпирикалық деректерді талдау арқылы зияраттың киелі орындардың дін психологиясы мен философиясы тұрғысынан өзара ықпалын зерттеу, зияратшылардың сезімдерін, ойлары мен үміттерін анықтау. Зерттеу әдіснамасы ретінде дінтанулық, феноменологиялық, психо-әлеуметтік әдістерді қолдана отырып салыстырмалы-сипаттамалық талдаулар жасалады. Алынған нәтижелер киелі жерлерге зиярат ету дәстүрінің психоәлеуметтік мәнінің философиясын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен, жұмыс ғылыми-практикалық тұрғыдан маңызды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі ретінде зияратшылардың үш принципте зиярат жасайтындығы айқындалды, ол ата-бабасының әруағына құрмет көрсетіп, Құран бағыштау арқылы зиярат жасаса, келесі бір түрі сол бір киелі орыннан тылсым күш, мистикалық құндылықты көріп-сезіну үшін жасалатын эзотериякалық зиярат және тағы бір түрі, киелі орындарды эрофаниялық кеңістік, эротопиялық мекен ретінде қабылдап, сол орынның қасиеттілігін сезініп, физикалық және рухани тазалану үшін жасайтын сакралды зиярат.