Қазіргі қоғамдағы рухани жатсыну мәселесі: философиялық талдау

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-7255-2024-149-4-280-295
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала қоғамдық сананы жетілдіруге және рухани тұрғыдан толысқан қоғам құруға ықпал ету мақсатында жатсыну тақырыбын философиялық тұрғыдан талқылауға бағытталған. Жатсыну үнемі қоғаммен, адамзатпен бірге жүретін құбылыс болғандықтан, қазіргі таңдағы жаһандану, технологиялық прогресс және әлеуметтік-мәдени саладағы өзгерістер дәуірінде өзекті философиялық мәселе болып табылады. Бұл мәселені кешенді-жүйелі зерделеуге мүмкіндік беретін философиялық талдаудың маңызы зор. Зерттеуде жатсынулардың ішінде рухани жатсыну күрделі әлеуметтік-философиялық мәселе ретінде зерделенген. Қазіргі қоғамдық өмірдің жеделдетілген қарқынына ілесе алмай, бүгінгі адам өзі өмір сүретін қоғамнан алшақтап, оның бойында қоғамға, қоршаған ортаға деген қажетсіздік, болмыстың мағынасыздығы сезімі пайда болатындығын, нәтижесінде рухани жатсыну формаларының көрініс беретіндігі айқындалған. Жатсыну мәселесі бойынша философияның түрлі кезеңдеріндегі көрнекті өкілдерінің көзқарастары талдана отырып, руханият пен руханилық ұғымының ара-жігін ашу арқылы рухани жатсынуға анықтама берілген. Адам ішкі болмысымен, өзінің руханилығы негізінде өзін-өзі саналы түрде игере алуы маңызды. Қазіргі қоғамдағы жатсыну мәселесі – өзімен және қоршаған ортамен рухани байланысын жоғалту – технологиялық прогресс заманында виртуалды шындық, әлеуметтік медиа және үнемі онлайн режимінде болу иллюзия әлеміне апарып, шынайы өмірден алшақтаудың әсерімен тереңдей түсетіні аксиологиялық талдаулар арқылы айқындалды. Мақалада рухани жатсынуға ықпал ететін факторларға талдау жасала отырып, алдағы зерттеулерде рухани жатсынуды азайтуға және саналы рухани даму жолдарын құруға бағытталған құндылық стратегиялары мен бағдарламаларын жасауға болатыны тұжырымдалады.