ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2024.t78.n4.12
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ұлттық құндылықтар арқылы жоғары оқу орны білім алушылары болашақ педагог мамандардың коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Студенттерге кәсіби педагогикалық білім берудегі ұлттық рухани-мәдени құндылықтар жүйесін құрайтын мақсатты, кешенді білім мен тәрбие беру мазмұнының маңызы тұжырымдалады. Бүгінгі жоғары оқу орындарындағы кәсіби педагогикалық білім мазмұнына ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды енгізу арқылы болашақ мамандардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдірудің жетекші мәні сөз етіліп, талданады. Сонымен қатар ұлттық рухани-мәдени құндылықтардың болашақ ұстаздың бәсекеге қабілетті тұлғалық болмысының қалыптасуындағы танымдық және тәрбиелік жетекші рөлі мен кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды арттырудағы маңызы сөз етіледі. Зерттеу барысында ұлттық құндылықтардың жоғары мектеп жағдайындағы кәсіби педагогикалық білім беру үдерісіне енгізілуінің ғылыми-теориялық аспектілері жан-жақты талданып, қарастырылады. Авторлар коммуникативтік мәдениеттің тілдік, когнитивтік, этикалық, психологиялық, прагматикалық және әлеуметтік компоненттеріне ерекше назар аударып, әрбір компоненттің ұлттық құндылықтар арқылы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпалын сипаттайды. Зерттеу нәтижелері ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, болашақ педагогтардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың тиімді жолдарын көрсетеді және ұлттық бірегейлікті сақтаудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтеді.