THE EFFECTIVENESS OF PREDICTING THE PRODUCTIVE QUALITIES OF BEEF CATTLE BY LOCI OF QUANTITATIVE TRAITS ASSOCIATED WITH SINGLE NUCLEOTIDE POLYMORPHISMS

2023

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2023.v67.i4.120
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада сандық белгілерінің локусымен ассоцияцияланған бір нуклеотидті полиморфизмнің аллельдерін арттыратын қазақ ақбас және әулиекөл ірі қара малдарының ет өнімділігін болжау мүмкіндіктерін бағалау нәтижелері келтірілген. Тұқымдардың әрқайсысы үшін 4 полиморфты аймақ таңдалынды. Мақсатты таңдауда альтернативті аллельдің кездесу жиілігі жоғары (кем дегенде 15%), геном мен гендердің әртүрлі функционалды аймақтарында орналасуы, хромосомалар бойынша таралуы, сондай-ақ белгілі сандық белгілерінің локусына жататындарға басымдылық берілді. Іріктеменің генотиптерін талдау барлық 4 минорлық аллельдер (арттырушы) бойынша гомозиготалылық бір уақытта үлгіде бірде-бір ауыл шаруашылығы малдарында анықталмағанын көрсетті. Сонымен қатар, бір мезгілде 7 аллельді алып жүретін ауыл шаруашылығы малдар анықталмады. Нақты полиморфты нұсқасына қарамастан, қазақтың ақбас тұқымды малдарында 3 және одан да көп «арттырушы» аллельдердің болуы оның тірі салмағының көрсеткіші 12 айда іріктеме бойынша орташа көрсеткіштен 10 кг-ға, ал мұндай аллельді алып жүрмейтін малдарымен салыстырғанда 15 кг-ға артатынын көрсетті. 5 немесе одан да көп аллельдерді анықтау 12 айда (20 кг) малдардың тірі салмағының одан да жоғары өсуін көрсетуі мүмкін. Әулиекөл тұқымы жағдайында, қазақтың ақбас тұқымы сияқты, аллельдердің көбеюіне қарай белгі мәнінің оның нормасының жоғарғы шекарасына жақындауы байқалады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы малдардың өнімділігінің жоғарылауын болжау үшін шағын диагностикалық панельдерді әзірлеп, қолдану үшін 3-тен 6-ға дейін арттырушы аллельдерді анықтау жеткілікті деп айтуға болады. Алайда, деректер жеткіліксіз болғандықтан, бұл деректерге жұмыстың осы кезеңінде сақтықпен қарау керек. Іріктемені ұлғайту болашақта нақты деректерді алуға мүмкіндік береді.