Аннотация
Қазақ прозасындағы көркемдік шындықты бейнелеуде мифтік образдарды пайдалану, мистикалық құбылыстарды қолдану қаламгер шеберлігінің белгісі. Ұлттық дүниетанымның көрінісі Асқар Алтайдың шығармаларында көрінеді. Жазушы ертедегі аңыз әңгімелерді жаңаша түрлендіріп, заманның қазіргі көрінісін қоса отырып, оқырманға ой сала шығармаларын жарыққа шығарған. Бұл мақалада жазушы Асқар Алтайдың «Алтай балладасы» роман-мифі мен «Кентавр» әңгімесіндегі мистикалық, мифтік көріністер талданып көрсетіледі. Қазақ прозасында әдеби тілінің бай екендігімен, шығарманың ішкі мазмұнына терең бойлай беріп, әсер алуымен жазушының қалың жұрт арасында бағасы өте жоғары. Қазақ даласының сұлу табиғатын суреттеп, кейіпкерлердің сезімдерін сездіртіп, оқиғаларды бірінен соң бірі өрбіте отырып, оқырман назарын мың құбылтып, мың түрлендіреді.