ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2024/iss4pp33-47
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Фразеологизмдер тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі ретінде көнеленуі мен тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да ерекшеленеді. Қазақ тілінің өзіне ғана тән ұлттық қасиет сақталатындықтан, олардың автор қолданысындағы ерекшелігі мен мағыналық топтарына талдау жасаудың маңызы зор. Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында қолданылған фразеологизмдер талданып, олардың семантикалық топтары мен авторлық қолданыстағы тілдік ерекшеліктері анықталды. Мәнмәтіндегі тілдік өзгерістер фразеологиялық сөздіктегі түпнұсқамен салыстырыла отырып, автордың айтар ойына сай ұлттық танымды берудегі фразеологизмдердің қызметі сараланды. Авторлық қолданыстағы түрлі өзгерістер мен көркемдік айшықтауларға ерекше назар аударып, түпкі мәнін түсінуде тиімді пайдалануға болады. Фразеологизмдердің жасалуында ауыз әдебиетінің орны ерекше. Халық арасында айтылған тапқыр сөз, мысал, теңеу, мақал-мәтел, өткір сауал, суырып салма жауап – бәрі де бейнелі ойлау, шебер сөз саптау мен сөздің ішкі заңдылықтарына сай ықшамдап, орынды қолданудан жасалған бірліктер. Шәкәрім Құдайбердіұлы фразеологизмдердегі ақпараттың мағыналық бөліктерін жақсы білетіндіктен оларды қандай коммуникативтік ниетте пайдаланғанын түсінуге тырысып, түпкі мәніне үңілу өте маңызды. Әр тілде сақталған фразеологизмдер сол халықтың мәдени-тарихи тәжірибесі мен тіл дамуының куәсі секілді. Сондықтан олардың семантикалық топтары мен ұлттық таным тұрғысында қабылдау ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі жоғары.