МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИНОНИМИЯНЫҢ ВАРИАНТТЫЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.63034/esr-268
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінде қазақ тіл білімінде көптеген мәселелер кеңінен қарастырылып, зерттелу үстінде. Тілдің дамуы барысында бірқатар тілдік бірліктердің өзгеріске түсетіні белгілі. Олардың бір бөлігі тілдің қызметі шеңберінен шығып қалып жатса, енді бірі жаңа қырынан көрініс беріп, тілдік шеңбер аясына еніп, оны толықтырады. Қазақ тіл біліміндегі осындай мәселелердің бірі синонимия құбылысы және оның тіл білімі салаларына қатысынан туындайды. Лексикологияның басты зерттеу нысаны болып табылатын синонимдердің грамматика салаларымен байланысын қарастыру қолға алынған. Мақалада тіл білімінің өзекті тақырыптарының бірі саналатын морфологиялық синонимия құбылысының варианттылықпен байланысы, зерттелуі қарастырылады. Бұл ретте вариант, қосымшалардың жарыспалылығы мәселелеріне қатысты тіл білімін зерттеушілердің пікірлері дәйектеліп, қосымшалар синонимиясы мен варианттылықтың арақатынасы қарастырылады.