Аннотация
Қазіргі әлемдік тенденция көрсетіп отырғандай ақпараттық технологиялардың үстемдігіне байланысты білім беру саласының болашақ жетістігі цифрландыру жағдайына тікелей қатысты екені белгілі. Білім беру саласының цифрландырылу мәселесі постиндустриал-ды дәуірдің принциптері мен құндылықтарын басшылыққа ала отырып, қазіргі қоғам өміріндегі ерекше рөлімен анықталатындығымен өзекті. Адам әлеуетінің сапасы және адамдардың табиғи және әлеуметтік қиындықтарға қарсы тұруға дайындығы білім беру жүйесінің тиімді жұмысына байланы-сты. Әлемдік тенденцияға сәйкес білім беруді жетілдіру үдерісінде жыл өткен сайын заманауи технологиялар маңызды рөл атқаруда. Цифрлық технологиялардың білім беруді модернизациялау мен дамытуға, сондай-ақ болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыру арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда және білім беруді ғылымға жақындатуға ықпал етеді. Мақалада білім беру саласын цифрландыру жағдайын талдау-дан алынған нәтижелер қазіргі қоғамның білім беру саясатын басқарудың іргелі мәселелеріне объективті және мазмұнды көзқарасқа мүмкіндік береді. Зерттеу қорытындысы білім беру саласын цифрландыру бойынша мемлекет саясатының басым бағыттарының жаңа нысандарын құруды ынталандыруға арналған.