7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕОМЕТРИЯДАН САЛУ ЕСЕПТЕРІН ТҮСІНУІНЕ GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘСЕР

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2023.83.3.010
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл жұмыста Geogebra бағдарламасының көмегімен геометрия пәнінен 7 сыныпта өтілетін «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау қарастырылады. Зерттеу жүргізу барысында квазиэксперименттік әдіс қолданылып, оған No 129 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды 15-тен екі топқа: 1-шісі компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен оқытылатын эксперименттік, 2-шісі дәстүрлі оқыту қолданылатын бақылау тобы болып бөлінді. Зерттеуді жүргізу барысында оқушылардан pre-test (зерттеуге дейінгі) және post-test (зерттеуден кейінгі) тестілері алынды. Зерттеуге дейінгі және кейінгі тесттер арасындағы айырмашылық Geogebra бағдарламасы оқушылардың оқу үлгерімінеәсерін анықтайтын етіп құралды. Сонымен қатар, Geogebra бағдарламасының әсері, пайдасы туралы оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде Geogebra бағдарламасының (p < 0,05) «Салу есептері» тақырыбын оқытудағы пайдасы, әсері, тиімділігі анықталды.