ДЕРБЕС ТУЫНДЫЛЫ ДИФФЕРЕЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНІҢ КЕҢ МАҒЫНАДАҒЫ ШЕШІМДЕРІН ТҰРҒЫЗУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2023.83.3.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада бірдей бас бөлікті бірінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің айнымалылардың бір бөлігі бойынша периодты шарттарда кең мағынадағы шешімдерінің бар болуының жеткілікті шарттарын анықтау сұрақтары қарастырылған.Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер гидроаэромеханиканың, химиялық кинетиканың, каталитикалық реакциялар теориясының әр түрлі қолданбалы есептерін модельдейді. Бастапқы функциялар қаншалықты жатық болса да, уақыт өтуіне қарай бірінші ретті дербес туындылы теңдеулердің классикалық шешімдері қандай да бір ерекшеліктерге ие болатыны белгілі, осы мәселе бірінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің классикалық шешімдерін кеңейту қажеттілігінтуғызды. Мақалада бірдей бас бөлікті бірінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің айнымалылардың бір бөлігі бойынша қойылған периодты шарттарда кең мағынадағы шешімнің бар және жалғыз болуының қажетті шарты табылды.Біртекті және біртекті емес дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйесінің фундаменталь шешімі тұрғызылып, шешімнің қойылған айнымалылардың бір бөлігі бойынша периодты шарттарды қанағаттандыратындығы көрсетілді, шешімнің шектелгендігі, жалғыздығы, қандайшарттарда бар болатындығы тұжырымдар арқылы берілді.