ҚҰНДЫЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ САЯСАТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАТЫНАСЫ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v102i4.678
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Құндылықтар адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде уақыт қажеттіліктеріне сәйкес мәнге ие болып қоғамның дамуына ықпал ететін негізгі фактор ретінде қарастырылады. Құндылықтар – белгілі бір уақыт кезеңінде өмір сүрген қоғамның және оның мүшелерінің қалаулары мен ұмтылыстарын қамтитын қажеттіліктер болып табылады. Қоғамда қабылданған құндылықтар қоғам мүшелерінің басынан өткерген оқиғалардан алған тәжірибелері нәтижесінде пайда болады және уақыт өте келе олардың жеке адамдардың мінез-құлқын қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ, құндылықтар қоғамның қызметінің жалғасуын қамтамасыз ететін бақылау механизмі ретінде қызмет етеді және қоғамдағы әртүрлі топтарды ажырататын критерийлерді анықтайды. Құндылықтар қоғамға лайықты ой мен мінез-құлық көзін қамтамасыз ете отырып, қоғамға қажетті өлшемдерді анықтап, оны соған бағыттайды.Қоғамдық құндылықтардың ажырамас құрамдас бөлшегінің бірі ретінде саяси құндылықтарды есептеуге болады. Саяси құндылықтар – бұл жеке адамның немесе қоғамның саяси сенімдері мен мақсаттары, олардың санасында белгілі бір мағыналардың, қағидалар мен құбылыстардың тұрақты жағымды мәнін көрсететін және саясат әлеміндегі бағдар болып табылады. Мақалада, құндылықтар ұғымы, теориялары және бұл теориялының жіктеуі, сонымен қатар саяси құндылық ұғымы, саяси құндылық ұғымының категориясы, саясат пен құндылық қатынастары зерделенеді.