САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ РЕСЕЙЛІК ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН-АМЕРИКАЛЫҚ ВЕКТОРЛАРДЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ: КОМПАРАТИВИСТІК ТАЛДАУ

2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48010/aa.v102i4.638
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Саясаттану – адамдардың саяси ой-санасын қалыптастыру және олардың қоғамдық өмірге қатысуын реттеуде зор маңызға ие ғылым саласы. Бүгінде осы ғылымның дамуына, әсіресе пайда болуына жаһандық деңгейде де, жекелеген мемлекеттер деңгейінде де баса көңіл бөлінуде. Мақалада XVIII ғасырда құрылған Ресей университеттерінің саясаттану ғылымының дамуына қосқан үлесі жан-жақты қарастырылған. Саясаттануды өз алдына пән ретінде оқыту дәстүрі алғаш Мәскеу мемлекеттік университетіне, оның негізін қалаушы М.В. Ломоносовқа тиесілі. Бірқатар ғалымдардың пікірінше, Ресейде саясаттану туралы тұжырымдар әртүрлі қиындықтарға қарамастан және 1988 жылы Кеңес Одағында алғаш рет саясаттанушыларға арналған мамандықтар номенклатурасы бекітілгенге дейін дами берді.Орыс ғалымдарының еңбектерін талдау барысында олардың ағылшынтілді авторлардың «саясаттану – америкалық фактордың шешуші әсері бар ағылшын-америкалық өнертабыс» деген тұжырымдарына қайшы келетіні анықталды. Әрине, аталмыш елдердің зерттеуші-ғалымдарының саясаттанудың дамуына қосқан сүбелі үлесін, олардың осы саладағы жетістіктерін әсте жоққа шығаруға болмайды. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуының ағылшын-америкалық нұсқасын жақтаушылар тұжырым-даған мұндай жағдайдың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар: қоғамның шұғыл қажеттілігі, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың Еуропадағы ықпалын күшейту факторларының бірі болған ғылымның саясатқа әсері – назар аударуға тұрарлық жайттар. Біздің ойымызша, әртүрлі елдердің ғалымдары мен саясат-керлерінің күш-жігерін сындарлы біріктіру арқылы саясаттану ғылымы теориялық және практикалық тұрғыдан одан әрі дами түсті.