Алтын Орда дәуірі әдебиетінің эстетикалық әлемі және оның қазақ әдебиетіндегі өрісі

Turkic Studies Journal, 2024

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2024-4-191-208
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазақ елінің рухани-мәдени тарихында Алтын Орда дәуірі тұсындағы жазба әдеби мұралар үлкен орын алады. Орта түркі дәстүрлер түркі халықтарының ортақ рухани-мәдениеті біртұтас орта түркі тілінен көрінді. Осы орта түркі тілінің негізінде қыпшақ-оғыз, оғыз қыпшақ тілді әдебиет өркендеп, ұлттық ерекшеліктер де айқындала бастады. Дегенмен әдеби жазба жәдігерліктерде шығыстық поэтикалық дәстүрлері анық байқалды. Алтын Орда тұсындағы әдеби-көркем шығармалардың қатарында Құтыптың «Хұсрау мен Шырын», Хорезмидің «Мұхаббат-наме» ғашықтық дастандарының орны ерекше. Зерттеудің мақсаты – жазба әдеби мұралардың бойындағы рухани-мәдени құндылықтар әлемін, оның ішінде эстетикалық таным-түсінікті зерделеу. Сонымен қатар тамырын тереңнен тартқан көркемдік-эстетикалық ұғымдардың қазақ әдебиетіндегі өрісі қарастырылды. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, баяндау әдістері мен мәтіндік талдау қолданылды.Алтын Орда жазба әдеби мұраларында өзіндік дүниетаным, көркемдік-эстетикалық шешім, талғамдары тілдік құралдар, эпитет, метафора, теңеулер, айшықты сөздер, тұрақты тіркестер, сөз-символдар арқылы әдемі көрініс тапқан. ХІІІ-ХІV ғасырлардағы әдеби жәдігерліктерде рухани-мәдени дүниетанымның, эстетикалық көзқарастың дереккөзі, мол қоры бар. Әдеби мұра тіліндегі қолданыстар кейінгі қазақ әдебиетінде өрісін жалғастырып, әдемілікті, сұлулықты бағалаудың тұтас әдеби бейнесін беріп тұр. Жалпы адамзаттық дүниетаным кеңістігінде ұлттық мәдениетті көрсететін – әдеби жазба мұралар. Қазақ әдебиетінің көркемдік, рухани ұстанымдарының, эстетикалық дүниетанымының тарихы осы орта ғасырлық жазба әдеби ескерткіштерде жатыр. Зерттеу жұмысының практикалық мәні зор. Алынған нәтижелерді әдебиет тарихында, мәдениеттануда қолдануға болады.