ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ ДЕСКРИПТОРЛАРЫНҚҰРУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2024.87.3.023
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Ғылыми мақалада информатика пәнінен оқушылардың білімін бағалау әдістері талданып, оқу процесінде оларды қолдану мүмкіндіктері зерделенді. Тест, жоба, эссе және басқа бағалау құралдары арқылы оқу жетісітігін бағалаудың ерекшеліктері мен оларды таңдау, пайдалану тәсілдеріне көңіл бөлінді. Ғалымдардың бағалау құралдарын қолдану бойынша ғылыми еңбектеріне сарапатама жасалып, шет елдік және отандық тәжірибелер талданды. Негізгі факторлар ретінде сабақтың мақсаты, оқушылардың дайындық деңгейі, жұмсалатын уақыт, ресурстардың қол жетімділігі таңдалып, әртүрлі бағалау құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктері зерттелді. Зерттеу барысындағы талдау нәтижелеріне сүйене отырып, белгілі бір тапсырма үшін бағалауға арналған құралды пайдалану мысалдары талданды. Информатика пәнін оқытудың негізгі ерекшелігі, оқушыларға жоба құру және эссе жазу тапсырмалары көп беріледі. Мұғалімдер үшін жобаны және эссені бағалаудың тағайындалған дескрипторлардың болмауы бірқатар қиындықтар тудырады. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Веб-сайт құру жобасы және "Қазіргі әлемдегі жасанды интеллекттің рөлі мен әсері" эссені бағалау дескрипторлары құрылды. Информатика сабақтарының тиімділігін арттыру мақсатында оқушылардың білімін объективті бағалау дескрипторлары негізделді. Зерттеуде кемімелі дескрипторлар (оқу жетісітігін бағалау кезінде балдық шаманы азайту) құрылған. Бұл тәсіл оқушылардың білімін объективті бағалауға ықпал етумен қатар, бағалау процесінде субъективтілікті төмендетуге әсер етеді. Кемімелі дескрипторларды қолдану әдістемелік кешенді толықтырады және оқушылардың дайындық деңгейін бейімдеуге әсер етеді.