Аннотация
Талдау негізінде жан-жақты зерттеу үшін кривошипті-кулисалы механизм (ККМ) қабылданды. ККМ поршеньнің ілгерілемелі қозғалысын қозғалтқыш білігінің айналмалы қозғалысына түрлендіруге арналған механизмдердің классикалық нұсқаларына жатады. Сырғанау мойынтіректерін зерттеу олардың элементртерінің өзара үйкелісінен туындайтын бірқатар факторлардың ішінде анықтаушылардың бірі – материалдардың жылу-физикалық қасиеттері екенін көрсетті. Жаңа зерттелген материалдан жасалған мойынтіректердің тірек беттері үшін таза мысты пайдалану сериялық мойынтіректермен салыстырғанда бес есе тозуға мүмкіндік береді. Жан-жақты талдаулар нәтижесінде ұсынылатын тығыздағыш үлгінің сенімділік көрсеткіштерінің және қозғалтқыштарда қолданудың тиімділік көрсеткіштері жоғары болатындығы негізделді. Бұл факторлар ұсынылған тығыздағыштың сипаттамасына оң әсер етеді және жөндеу шығындарының төмендеуінде, майдың жануының жойылуында және қасиеттерінің өзгеруінде, отынның пайдалану шығынының төмендеуінде көрінеді. Құрғақ тығыздағышты конструкциясы ақшалай түрде қолданудан үнемдеу сақиналар жиынтығының стандартты нұсқасымен салыстырғанда жылына шамамен 100 000 теңгені құрайды.