Аннотация
Бұл мақалада пойыздар қозғалысын үш мәнді интервалды реттеу жүйесінде бір бағытта қозғалатын пойыз құрамдарының арасындағы арақашықтықтың есептелуі келтірілген. Үш мәнді автоблокировкада пойыз құрамының блок-телімді шектейтін бағдаршамдардағы әртүрлі түстерге қозғалыс қарқыны ескеріліп, пойыз аралық арақашықтықты есептеудің негізгі формулалары нақтыланды. Аралықтағы блок-учаскелердің әртүрлі ұзындықтарына байланысты және пойыз құрамының жылдамдығы өскен сайынғы пойыз аралық арақашықтықтың болжамды есептеулері келтірілді. Есептеу қорытындысының нәтижесінде аралықтағы блок-учаскелердің әртүрлі ұзындықтарын ескергенде пойыз құрамы жылдамдығының пойыз аралық арақашықтығына тәуелділік диаграммасы құрылды.